Әскери бөлімнен азық-түлік ұрлап сатқан сержант сотталды

682

Сотталған жігіт қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімін қолды қылған.

Әскери бөлімнен азық-түлік ұрлап сатқан сержант сотталды

Семей гарнизонының әскери сотында 9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған сержанттың ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот барысында анықталғандай, әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырған. Оны "есептен шығарылды" деп әріптестеріне сатқан,

"Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған. Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келді. Әскери қызметші ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ ол "сержант" әскери шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", – дейді соттан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу