Астана процесі: Гарант елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруды қолдады

681

Негізгі инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіруді көздейдін мұндай бастаманы Түркия, Иран мен Ресей елдері көтеріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана процесі: Гарант елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруды қолдады

"Шеттеусіз, саясиландырусыз және алдын ала шартсыз елдің бүкіл аумағындағы сириялықтарға жөнелтілетін гуманитарлық көмекті арттыру қажеттілігі ерекше аталып өтті", – делінген Астана форматына қатысушы елдердің өкілдерінің кезекті отырысында таратылған құжатта.

Құжатта аталып өткендей, "Сириядағы гуманитарлық көмекті жақсартуды қолдау және саяси процесті реттеу мақсатында халықаралық бірлестіктер, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттігі Сирияға көмекті арттырады, негізгі инфрақұрылымдық нысандарды, су және электр нысандарын, мектептер мен ауруханаларды қайта жөндеуге күш салады".

Гарант елден Сириядағы гуманитарлық ахуалға қайтадан алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр. Коронавирус пандемиясы Сирияның денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын одан ары күрделендіруде. Сонымен қатар Түркия, Иран мен Ресей "Сирияға босқындарды қауіпсіз әрі ерікті түрде қайтарудың, олардың қайтуы жолында құқықтарының қорғалуының" маңызын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар гарант елдер "терроризммен кез келген формасы мен көрінісіне қарсы күресті бірге жүргізуге, сепаратистермен текетіресті жалғастыруға" дайын екендерін білдірді.

"Біз Идлибтің құлдырау аймағындағы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырдық. Идлиб бойынша барлық қол жетімді келісімді толық орындау арқылы "жерде" тыныштықты сақтау қажеттілігін атап өттік", – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ "Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылап, осы өңірде ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тек қана САР егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде қол жеткізуге болады" деп келісті. 

"Олар "жер бетінде" жаңа шындықты құрудың барлық әрекеттерін, соның ішінде терроризмге қарсы сылтаумен өзін-өзі басқарудың заңсыз бастамаларын жоққа шығарды. Сирия бірлігін бұзуға бағытталған және көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Зайвфратидегі сепаратистік жоспарларға қарсы тұруға деген шешімін растады. Осыған байланысты бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған әскери іс-қимылдардың жандануына қатысты алаңдаушылық білдірді", – делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу