Астана процесіне тағы да екі ел қосылуы мүмкін. Сирия дағдарысын реттеу ісіне қатысуға Ирак пен Ливан өз мүддесін білдіріп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Келіссөздер ауықымын кеңейтуді Түркия президенті Ердоған ұсынған. Оның айтуынша, ортақ шекарасы бар осы мемлекеттер Сириямен тығыз байланысты.
Сириядағы дағдарыс 2011-жылы Дамасктегі тәртіпсіздіктерден басталып, қарулы қақтығысқа ұласып кетті. Осы жанжалға сыртқы күштер араласып, ол халықаралық деңгейдегі дағдарысқа айналды.
"Астана Сириядағы қарулы жанжалды қысқа мерзімде шешіп шешуге атсалысты. Бұл мәселе бұрыннан бері талқыланып жүр. Шынын айту керек, Женевадағы бейбіт келіссөздер нәтиже берген жоқ, тіпті оны сәтсіз деп атауға болады. Астана болса, осы мәселеде өз әлділігі мен сауаттылығын көрсеткен", – дейді Таяу Шығыс стратегиялық зерттеулер орталығының қызметкері Абас Аслани.
Астанадағы алғашқы келіссөздер 2017 жылы өткен еді. Сол кезден бері 11 кезеңі өтіп, олардың бәріне Иран қатысқан.
Сарапшылардың айтуынша, бұл ел Түркия және Ресеймен бірлесіп, Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға тырысып жүр.
Кепілгер елдер алдында тұрған басты міндет із-түссіз жоғалып кеткендерді іздеу және босқындарды отанына қайтару болып тұр. Сондай-ақ олар Сирияға азық-түлік, киім-кешек пен дәрі-дәрмек жеткізуге келіскен. Қазірде 13 миллиондай сириялық қайырымдылық көмекке мұқтаж.