2016 жылдың 8 қарашасында Астана қаласында Қазақстанды "жасыл" экономикаға көшіру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "Жасыл экономика" моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау" атты ЕО/БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасын қолдау аясында құрылған "Жасыл технология" оқу орталығы ашылды.
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы табиғи ресурстарды жауапты тұтыну арқылы елдің дамуын құрайтын экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жақсаруын қарастырады.
Астана қаласындағы "Жасыл" технологиялар оқу орталығы" алдыңғы және ресурс үнемдеу технологиясын қолдана отырып ауылшаруашылығын жаңа, прогрессивті әдіспен оқыту мақсатында жұмысын бастайды. Аталмыш орталық С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет студенттеріне, сондай-ақ шаруаларға, кәсіпкерлерге және қоғамдық ұйым өкілдеріне тәжірибелік дағдылар алуына қызмет етеді.
Тренингке қатысушылар аграрлық сектордағы жұмыс үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды алады, сондай-ақ жабық қорғалған топырақта көкеністерді өсіру тәсілі мен жетілдіру жолына жағдай туғызатын, жылу мен энергияны, табиғи ресурстарды тиімді қолдану, тұрғындарды жыл бойы жаңа піскен көкеністермен қамтамасыз ету жолындағы энергия-ресурс үнемдеу технологиясының айрықша перспективалық элементтерін зерттейді.
Оқу орталығы жабық топырақта көкеніс дақылдарын өсіру үшін сертификатталған "жасыл" технология қолданылатын заманауи жылыжай кешенімен қатар орналасады. Қазіргі ЖЭС-ке жақындығы жылыжайда бірегей микроклимат құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ЖЭС-тың артық қалған жылуын жылыжайды жылыту үшін қолданылады, ал суару тазаланған сумен жасалады. Бұл өз кезегінде жылыту орталығының жасырын экологиялық қорын қолдануға және жылу электр орталығы әрекетінен жылыжай эффектісін төмендетуге мүмкіндік береді. Жылыжайдың құрылысының арқасында барлық өсірілетін өнім сыртқы орта ықпалынан оқшауланды, яғни экологиялық таза болып табылады. Қосымша әсер ретінде – жылыжай кешені аумағына іргелес көгалдандырады.