Астанада 3 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді

1064

Астанада 3 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді

"Golden Towers" және "Оңтүстік-Шығыс жеке тұрғын үй құрылысының сол жағы, 3-нөмірлі телім" тұрғын үй кешендерінің 3 құрылыс салушысына қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті "Taurus LTD 2011" ЖШС басшылары құрылыс салушылар Мұрат Бөлеков пен Әлия Виляхуноваға қатысты тергеуді аяқтады. Олар "Golden Towers" ТК құрылысына инвесторлардан алдау арқылы ақша қаражатын жинап, сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жұмсап жіберген, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі. Бұдан басқа "Оңтүстік-Шығыс жеке тұрғын үй құрылысының сол жағы, 3-нөмірлі телім" тұрғын үй кешені құрылысына инвесторлардан алдау арқылы ақша қаражатын жинап, сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жұмсап жіберген "Инженерлік-сервистік компания" ЖШС басшысы Қазбек Жұбатқановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар астаналық полицейлер жауапсыз құрылыс салушылардан зардап шеккен адамдардан өтініш қабылдауда.  Астана қалалық ІІД жауапсыз құрылысшылардан зардап шеккендерді полицияға хабарласуын сұрайды. Қазіргі уақытта елордалық ІІД алаяқтық жолмен тұрғын үй кешенінің құрылысына инвесторлардан қаражат көздерін жинап, құрылысты аяқтамай сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі қаражат көзін жұмсаған жауапсыз құрылысшыларға қатысты бірқатар қылмыстық істер өндірісте қаралуда. Соның ішінде: -"Алға Тоқболат" ЖШС (нысан – Тұран – Сығанақ даңғ. батысында.) – тергеушілер А. Алпысова (тел: 87784080521), А. Ахметжанова (тел:87014651071, 87172-716213), Л. Буланова (тел:87784080521) Б. Сатиев (тел:87011202605). – "КазГазАстана НС" ЖШС, "Алтын Сапа 2011" ЖШС (нысан - Қошқарбаев көшесі бойындағы "Зере" ТК, "Зере-2" ТК) - тергеушілер С. Әбішев (87079008818), М. Төлеуов (тел:87009266243, 87472382406, 87003720519, 87172-716341) – "Номад Строй ЭК" ЖШС (нысан - 36 -26 көшесі бойындағы "Есіл ЭК" ТК) – тергеушілер А. Баймахан (87024022908, 87172-716058), А. Төлегенов (87754000058) – "НМ Астана Курылыс" ЖШС нысан – Төлебаев 1 көшесі бойындағы "Арыстан" ТК) – тергеуші А. Жамалиева (87019085957, 87172-716019) – "Бахыт ХI" ЖШС (нысан – Кұдайбердыұлы, 33 көшесі бойындағы "Жастар 4" ТК) – тергеуші Е. Бұзауов (87751680034, 87172-716222) – "Blaсk Gold Development", "Grand Elitе-NS" ЖШС (нысан – Қыз Жібек және Баян сұлу көшесі бойындағы "Бай Тау" және "Sky Сitу") – тергеуші Ж. Көшербаев көшесі бойындағы (87711627849, 87172-716228). Астана қаласы ІІД аталған құрылысшылардың әрекетінен зардап шегушілерді Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасына Бейбітшілік көшесі 19, немесе көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу