Астанада Бас прокуратура ғимаратында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы ауыр – дәрігерлер

916

Астанада Бас прокуратура ғимаратында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы ауыр – дәрігерлер

Астанада Бас прокуратура ғимаратында өзіне өрт қойған әйелдің денсаулығы ауыр, деп мәлімдеді дәрігерлер.

"Күйік шалуына байланысты жағдайы әлі де ауыр. Науқастың жағдайын жақсарту үшін қажетті ем-дом шаралары жүргізілуде. Оның денесінің 60%-ын күйік шалған", – деді №1 қалалық аурухананың дәрігері Павел Кутняков сәрсенбі күні тілшілерге.
Дәрігердің айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде қарқынды ем алуда, оған шоққа қарсы амалдар жасалған.
Бұдан бұрын бас прокурор Жақып Асанов тілшілерге әйелдің ісін өз бақылауына алғанын және құзырлы органға бірнеше мәрте өтініш жасаса да тиісті шара қабылдамағандарды анықтайтынын жеткізген болатын.
Айта кетейік, сәрсенбі күні ұлына шығарылған үкіммен келіспеген әйел Астанадағы Бас прокуратураның бақылау-өткізу пунктінде өз-өзіне өрт қойған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу