Астанада баспананы заңсыз жалға берушілер тексеріліп жатыр

1441

Астанада баспананы заңсыз жалға берушілер тексеріліп жатыр

Астанада баспананы заңсыз жалға беру фактілерін анықтау рейді басталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Елімізде халықтың 95 %-ы өз баспаналарын заңсыз жалға береді. Салдарынан ел қазынасы 1 миллион доллардай табыстан қағылып отыр. Учаскелік инспекторлар мен полицейлер үй-үйді аралауға кірісті, деп хабарлайды "МИР" телеарнасына сілтеме жасаған агенттік.

"Астанада пәтерлердің тек 4 %-ы ғана ресми түрде жалға беріледі. Бірақ сарапшылардың пікірінше, бұл сан әлдеқайда көп және елорда бюджеті жылына бір миллион доллардан айырылады. Ал жалға алушыларды үй иесінің келісімшарт жасаспайтындығы және төлем түбіртегін бермеуі аса алаңдатпайды", – дейді телеарна.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 300 пәтер иесі жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрды. Осының нәтижесінде мемлекеттік қазынаға 20 млн 800 мың теңге түсті",  – деп атап өтті учаскелік инспектор Халел Тойшыбаев.

Мемлекеттік кірістер департаменті жыл соңына дейін "көлеңкеден" 3 мыңнан астам баспананы шығаруға ниетті. Әуелде салық төлеушінің жұмыс орнына тиісті хаттар жіберіледі. Егер салық төлеуден бас тарту одан әрі де жалғасса, хаттама толтыру үшін үйіне баратын болады.

Жарты жылдан кейін жеке кәсіпкерлерге қосымша табыс табу мүмкіндігі туады. Жалға берілетін баспаналар ірі халықаралық көрмесіне келетін туристер мен қонақтар үшін қажет. Билік органдары үй-жайларын жалға бергісі келетін азаматтарды арнайы аккредитациядан өткізуді жоспарлауда.  

Телеарнаның хабарлауынша, ағымдағы жылы Мәскеуде баспананы жалға берушілер үшін патент алу екі есеге дерлік арзандаған. Осылайша, Ресей астанасының қазынасына патенттерді сату мен салықтардан 1 млрд рубль кіріс түскен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу