Астанада демеушілер зейнеткердің үйіне жөндеу жүргізіп берді

1072

Астанада демеушілер зейнеткердің үйіне жөндеу жүргізіп берді

Астана тұрғыны Күлән Ғазизова күрделі жөндеуден өткен өз пәтерін бүгін алғаш рет көрді. Құрылыс салушы компанияның жіберген олқылықтарын жөндеу үшін зейнеткер қалалық билік өкілдерінен бірнеше рет материалдық көмек сұраған болатын. "25 игі іс" акциясы шеңберінде қалалық мәслихат депутаты Илья Мещеряков зейнеткерге сыйлық жасап, оның пәтерін жылы және жайлы етті, деп жазады astana.gov.kz.

Күлән Ғазизова жақында 70 жасқа толады, ол пәтерде студент қызымен бірге тұрады. Кенесары көшесі, 70 а мекен-жайы бойынша орналасқан үйдегі пәтер әлеуметтік бағдарлама бойынша берілген арендалық баспана болып табылады. Жөндеу жұмыстарына дейін пәтер нашар болатын, қазір іші жарық, және ең бастысы - жылы.

"Мен – осы округтан сайланған депутатпын, сайлаушылармен кездесу кезінде қарт ана маған жақындап келіп, өзінің проблемасы туралы айтып бергені есімде. Ақпан айынан бастап оның мәселесі менің мәселеме айналды. Сайлаудан кейін өкілеттік алған соң мен екінші күні бірден комиссиямен келіп, қарап, басқа демеушілер тауып, оның пәтерін жайлы ету туралы шешім қабылдадық. Қазан айында біз оны қызы оқитын колледжге жақын басқа пәтерге көшірдік те, бір айдың ішінде жөндеу жұмыстарын бітірдік", – дейді Илья Мещеряков.

Пәтердің ішін жайлы ету үшін дизайнерлер шақырылды, олар қайтарымсыз негізде көмек көрсетуге келіскен. Қазір үстел, шкаф және тұрмыстық техниканы алып келу ғана қалды.

"Аз қаражатқа барынша жайлы етуге тырыстық. Мен үшін бұл алғаш рет болып отырған жағдай, біздің округта проблемалық 8 пәтер бар, мұқтаж азаматтарға көмектесе аламыз деп ойлаймын", – деп хабарлады депутат.

Астана тұрғыны жаңарған пәтерін көргенде қатты қуанды. Зейнеткер қызы екеуінің бұған дейін қандай жағдайда өмір сүргендерін айтып, пәтерінің жайлы баспанаға айналғанына бақытты екенін жеткізді.

"Біз бұған дейін жатақханада тұрған едік, біздің барлық заттарымыз сонда қалып, астымызға тақтай төсеп ұйықтаған кездер болды. Ол уақытты еске алғым да келмейді. Жақында 70-ке келемін, менің өтінішіме құлақ асып, көмек көрсеткендеріне алғыс айтамын. Бұл өмірде жақсы адамдар бар екен", – деді Күлән Ғазизова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу