Астанада екі автобус соқтығысып, жүргізушілердің біреуі қаза тапты

130

Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Астанада екі автобус соқтығысып, жүргізушілердің біреуі қаза тапты Фото: Астана ПД

Жол апаты кеше, 4 желтоқан күні кешкі уақытта Қошқарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

"Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу