Астана Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
19-20 қыркүйек аралығында жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты Р.Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс екі бағытта да оң жақта жүзеге асырылады.
Сонымен қатар 19-25 қыркүйек аралығында С.Нұрмағамбетов көшесінің Р.Қошқарбаев даңғылынан А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылды.