Астанада елішілік құндылықты дамыту мәселесі талқыланады

304

Астанада "Қазақстандық қамту 2.0" бірінші халықаралық форумына дайындық жалғасып жатыр.

Астанада елішілік құндылықты дамыту мәселесі талқыланады Фото: Inbusiness.kz

Ертең елордада елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен халықаралық инвесторлар, салалық сарапшылар бас қосады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Форумның күн тәртібінде тау-кен саласында елішілік құндылықты дамыту және реттеліп сатып алуды жетілдіру мен тау-кен металлургия кешеніндегі жүйелік мәселелерді шешу бойынша іргелі мәселелер көтерілмек. Одан өзге, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша жаңа цифрлық жүйе ұсынылады.

Елішілік құндылықты дамыту бойынша жаңа тәсілдер, отандық тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісін оқшаулау, отандық кәсіпорындардың бірыңғай тізілімі, тауардың шығу тегін сертификаттауды және өндірістік қуаттарды растауды жетілдіру, осы және басқа да мәселелерді сала сарапшылары Қазақстанда алғаш рет өтетін алдағы форум шеңберінде талқылауды жоспарлап отыр.

16 қарашада Конгресс-орталықта өтетін ауқымды шараны ұйымдастырушылар  "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Негізгі серіктестер  "Қазақмыс", "Казцинк", "ЕRG" және "KAZ Minerals" компаниялар тобы.

"Форум аясында біз ірі кәсіпорындар мен отандық тауар өндірушілердің қатысуымен оффтейк-келісімшарттарға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Жалпы, мұндай іс-шаралар, біріншіден, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы саладағы елішілік құндылықты дамытуға қосымша серпін береді", - дейді ҚР ӨҚМ департаменті директорының орынбасары Бекжан Мақыпов.

Форум алдымен, Тау-кен саласындағы отандық кәсіпорындар мен тауар өндірушілер арасында диалог құруға бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізу құралының бірі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жөніндегі жаңа цифрлық жүйесі болмақ. Алаң тау-кен металлургия кәсіпорындарының тұрақты жадтау кешенінің өзекті сұранысына мониторинг жүргізуге және тау-кен секторының қажеттіліктеріне өнім шығаруға дайын отандық өндірушілерді іздеуге мүмкіндік береді.

"Президент өңдеуші кәсіпорындарды 3 жылға салықтан босату туралы тапсырма берді. Біздің ойымызша, дәл осы форумның басты ерекшелігі біз осындай жеңілдіктер берілетін субъектілермен шешім қабылдауымыз керек. Біздің ойымызша, бұл нақты өндіріс жоспарлары бар, кепілдендірілген, сұранысқа ие және экономикаға өз үлестерін қосатын компаниялар болуы керек", - деді ТМКҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары Максим Кононов. 

Сонымен қатар, форум аясында жер қойнауын пайдаланушылар мен жергілікті өндірушілер жобаларын таныстыратын көрме өтеді. Шарада ашық диалог алаңдары мен B2B және G2B форматындағы кездесулер болады. Еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам делегат және тау-кен металлургия кешенінің 200-ге жуық өкілі қатысады деген жоспар бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу