Бүгін 6 қазанда AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімін қабылдаған еді. Сондай-ақ "Қазақстан Халық партиясының", "Ақ жол" партиясы кезектен тыс құрылтай өткізіп, екі саяси ұйымның делегаттары алдағы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.
Бұған дейін Қ.Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан спортшылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Qazaqstan Team" қоғамдық бірлестігі, Ұлттық волонтерлік желісі ұсынған еді.
Ал, әділет министрі заңда коалиция атынан сайлауға түсуге шектеу жоқ екенін мәлімдеді.