Астанада қарды дер кезінде шығармаған мекемелер жазаға тартылды

1275

Астанада қарды дер кезінде шығармаған мекемелер жазаға тартылды

Астана қаласының Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандық бөлімшелерінің инспекторлары аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп шағын және орта бизнес нысандарының бірінші қабатына жақын жатқан аумақтарды, құрылыс алаңдарын, ПИК, ПК және жеке секторды қар мен мұзды уақытында жиналуын тексеру үшін күнделікті рейд шараларын өктізеді.

Нәтижесінде "Сарыарқа" ауданы ІІБ ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Жеңіс даңғылында орналасқан дәмхананың иесін ғимарат маңындағы аумақты қатқан мұздан дер кезінде тазаламағаны үшін ҚР ӘҚБК 505 б. 1 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәсіпкерге 30 АЕК мөлшерінде (63 630 теңге) айыппұл салынды, деп жазады astana.gov.kz.

Сондай-ақ, "Алматы" ІІБ ЖПҚ полиция қызметкерлері Момышұлы даңғылындағы "Тұран" мейрамханасына тиесілі аумақтан үйілген қарды уақытында тазалап, шығармағаны үшін жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Оған 63 630 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері тиесілі аумақты қоқыстан, қар мен мұздан тазалау бойынша жұмысты уақытылы жүргізбеу және сапасыз орындау, жұмыстарды ұйымдастырмау фактілері анықталса, заң бұзушылар ҚР ӘҚБК 505 бабы "Абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу