Астанада мерзімінен бұрын туған сәбилерге арналған көрме өтеді

1146

Астанада мерзімінен бұрын  туған сәбилерге арналған көрме өтеді

17 қарашада "Астана" Ұлттық сурет галереясында Шала туған нәрестелердің халықаралық күніне орай "Мен мезгілімнен ерте тудым" атты қайырымдылық көрмесі өтеді.

 Көрменің мақсаты көрермендерге 500 грамм салмақпен мезгілінен ерте туған балалар жайлы, олардың өмірге деген құштарлығы туралы жеткізу болып табылады. Оған кескіндеме туындылары, көркем фотосуреттер және мүсіндер қойлады. Шара "28 Ілмек" қайырымдылық қоры және "Астана" Ұлттық сурет галереясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 2009 жылы Жаңа туған сәбилердің күтімі бойынша Еуропалық қордың бастамасымен 17 қараша Шала туған нәрестелердің халықаралық күні болып жарияланды. Сәбидің дүниеге келуі - кез келген адамның өміріндегі ерекше қуаныш. Алайда, баланың мерзімінен ерте тууы ананың да, баланың да өміріне қауіпті. Шала туған баланың дене салмағы төмен және тыныс алу мүшелері толық жетілмейді. Көптеген мерзімінен ерте туған балаларда, айтарлықтай ауытқу болмайды, олардың тіпті, қабілетті болуы ғажап емес.

Айталық, Пабло Пикассо, Виктор Гюго, Вольтер, Чарльз Дарвин, Альберт Эйнштейн және т.б. аты әлемге танымал тұлғалар мерзімінен ерте туған, яғни шала туған жандар. 2014 жылы "28 Ілмек" клубы ресми түрде қор мәртебесіне ие болды және қазіргі таңда  Қазақстанның 11 қаласы: Астана, Алматы, Петропавл, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Семей және Қызылордада өз жұмыстарын атқарып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу