"КазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досанов үстіміздегі жылдың 15-16 қарашасында Будапештте өткен Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық қауымдастығы басқармасының 6-шы отырысына қатысты, деп мәлім етті "КазТрансойл" АҚ бұқарамен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі қызметі.
"Отырысқа қатысушылар МТХҚ-ның тұрақты үш сарапшылық тобының (энерготиімділік, құқықтық мәселелер, жеткізу) жұмыс қорытындысын, сондай-ақ МТХҚ-ның алдағы екі жылға жұмыс жоспарын талқылады. Келесі кездесулерінің өтетін орнын талқылау аясында МТХҚ-ның 8-ші отырысын 2017 жылы, ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесі өтетін кезде, Астанада өткізу жөнінде Димаш Досановтың ұсынысы қолдау тапты", – делінеді хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу