Астанада тағы 10 автобуста электронды төлем жүйесі жұмыс істей бастады

916

Астанада тағы 10 автобуста электронды төлем жүйесі жұмыс істей бастады

Астанада тағы 10 автобус бағдары ASTRA Plat жүйесіне қосылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"ASTRA көліктік картасы қалалық нөмірі 7, 14, 17, 26, 33, 51, 44, 50, 52, 60 бағдарындағы автобустарда қолданысқа енгізілді", – деп айтылған "АСТАНА LRT" компаниясы мәліметінде.

Естеріңізге сала кетелік, елордада ASTRA Plat электронды жүйесінің III кезеңі жүзеге асырылуда. Көліктік карталар барлық экспресс бағдарларда № 101, 102, 103, 105 және № № 1, 3, 5, 6, 8, 9, 10, 12, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 28, 29, 32, 36, 40, 46, 61, 73, 80 қалалық маршруттарда іске қосылған. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған. ASTRA көлік карталары жұмыс істейтін барлық автобустардың есіктерінде арнайы ерекшелік стикерлері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу