Астанада жалпықалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

1082

Астанада жалпықалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Астанада 9 қарашада "Жастар" сарайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Оған елордалық 60 жұмыс беруші қатысып, 100-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорданың Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, осыған дейін өткізілген 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша, 400-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Үстіміздегі жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, орталық 11 679 адамға қызмет көрсеткен, соның ішінде 6974 тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, олардың қатарында тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер және әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар бар. Қазіргі уақытта қалалық Жұмыспен қамту орталығының базасында 3654 бос жұмыс орны және 1430 жұмыс беруші бар. Мамандардың айтуынша, орталық жаңа жұмыс орындарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні орталықтың мәліметтер базасында 15 719 жаңа жұмыс орны бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу