Тиісті ақпаратты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратты.
"3 қыркүйектен бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана – Жітіқара" жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады", - делінген хабарламада.
"Астана – Жітіқара" бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген.
"Пойыз күн ара қатынайтын болады. Нұрлы жол вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, "Жітіқара" станциясына жұп күндері сағат 15:56-да келеді. Жітіқарадан сағат 18:14-те жұп күндері кері қайтып, тақ күндері елордаға сағат 12:46-да келеді", - деп жазылған хабарламада.
Пойыз маршруты Көкшетау және Қостанай арқылы өтетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу