Астананың көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр

315

Жыл басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруда айрықша мән беруді тапсырған болатын.  

Астананың көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр Фото: multifoto.ru

Биыл бас қалада 1 млн жасыл желек егілді. Оның ішінде 165 аула мен қоғамдық бірлестік абаттандырылған. Астана қаласының әкімді мен Урбанистика орталығының белсенділігінің арқасында бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Мұндағы мақсат  - тұрғындар мен елордаға келушілерге жайлы жағдай жасап, экологияны жақсарту. Осылайша қараусыз қалған жерлер мен бос орындар азаймақ.

Соңғы жылдары Астананың өңмеңнен өтер желінің екпіні қайтып, ауа температурасы жылып келеді. Бұны ғалымдар дәлелдеді. Сүйектен өтетін қара суық пен дүлей дауылдың елорданы айналып өтуіне әсер еткен бірнеше экологиялық фактор мен жағалауларды жағалай жатқан жасыл белдеу. Жыл басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруда айрықша мән беруді тапсырған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес қалалық әкімдік пен урбанистика орталығы көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Мәселен биыл 100 мың түп тал отырғызылды. Нәтижесін таза ауаны айтпағанда елорда келбетіне еселеп көрік қосқан желектерден-ақ байқауға болады.


"Бүгінде бас қаланы жасыл қала деп толық айтуға әлі ерте. Дегенмен, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы 1 милиион жасыл желек егілді. Биыл да солай. Ал келер жылы абаттандыруды одан әрі арттыруды көздеп отырмыз. Жасыл желектің саны кем дегенде 1 миллионнан асатын болады", – дейді Астана қалалық Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен.

Алысқа бармай-ақ, 2000-шы жылдармен салыстырғанда жасампаз шаһар қазір жасыл белдеуге оранып қалды. Көше бойында да тал-теректі көптеп көруге болады. Дегенмен, абаттандыруға келгенде не өзі, не өзгеге мүмкіндік бермейтін жекеменшік нысандар бар. Төсеуіш тастардың көптігінен тал егетін орын табылмайды. Урбанистика орталығы мен әкімдік бірігіп, енді осындай орталықтармен жеке-жеке сөйлеспек. Өз аулаларын көгалдандыруды міндеттейді.


"Қаламызды көгалдандыру жұмыстарына тек біз ғана атсалыспаймыз. Тұрғын үй кешендері, өнеркәсіпік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес оратылықтары жұмылдыралатын болады. Шаһарда өздікінен де тал отырғызып, табиғатымызға тамшыдай болса үлес қосатын тұрғындар аз емес", – дейді Елнар Базыкен.

Жасыл желектерге жүргізілген талдау бойынша елорданың бір тұрғынына көгалдандыру алаңы 14 шаршы метр болады. Жауаптылар алдағы жылдары бұл санды 19 шаршы метрге дейін арттырамыз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу