Астық экспорттаушыларды қолдау жүйесі жоқ

1299

Сенатта Дариға Назарбаева астық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Астық экспорттаушыларды қолдау жүйесі жоқ

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы фермер одақтары мен агроөнеркәсіп кешені өнімдерін өндірушілер қауымдастықтарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесуде сөз алған "Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Нұрлан Оспанов елдегі астық өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін негізгі себептерге тоқтала келіп, ауыл шаруашылығы өндірушілері шығындардың бір бөлігі бойынша мемлекет тарапынан өтемақыларды қажет ететінін, сондай-ақ агротехнологиялар мен тұқымдық материалды жақсарту қажет екенін жеткізді.

Өсімдіктерді қорғайтын көнерген құралдар туралы да айтылды.

"Бізде алқаптардың ластану деңгейі өте жоғары. Егін алқаптарының ластығы 30 пайызға дейін өнімді жояды. Егер өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданбайтын болсақ, сапалы өнім ала алмаймыз. Бүгінгі күні біздің тізілім 90 жылдардан бастап енген дәрі-дәрмектер тұрады. Жаңа дәрілер уақыт өткен сайын аз тіркелуде", – деді Н.Оспанов.

Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, экспорттаушыларды қолдау жүйесінің жоқтығы нарыққа қатысушылардың көбіне зардабын тигізіп отыр.

"Қазақстан тұтынудан артық ұн экспорттайтын жалғыз ел болуына қарамастан, шикізат экспорттаушылар әлі күнге дейін көптеген қиындықтарға тап болуда. Мәселен, қосымша құн салығын қайтару мәселесі өте өткір болып отыр, өйткені тәуекелдерді басқару жүйесі кез келген деңгейде тексеру жүргізе алады", – деді ол.

Кездесуге қатысушылар отандық ауыл шаруашылығы техникасын жинау және оны кәдеге жарату алымы, сондай-ақ тарифтік шектеулерді, ұлттық компаниялардың сатып алу саясатының сапасы мен демпингке қарсы баж мәселелерін де қозғады.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кездесуді қорытындылай келіп, астық саласын дамыту жөніндегі ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің ұсыныстарын 2020 жылға жоспарланған парламенттік тыңдауларға дайындау үшін ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне жіберуді өтінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу