Астық мәмілесі Ресейсіз жалғасын табады

844

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейдің мәміледен шыққанына қарамастан, олар астықты әлемдік нарыққа жеткізу күш салатынын айтты.    

Астық мәмілесі Ресейсіз жалғасын табады Фото: Elena Larina

Яғни бұл жүк кемелері түрік әскери-теңіз күштерінің кемелерімен бірге жүретінін білдіреді, онда Ресейдің қатысуы қажет болмай қалады, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Ердоған сейсенбіде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысып, сенбіде Севастопольдегі флотқа дрондардың шабуылынан кейін Ресей тарапы тоқтатқан астық экспорты туралы келісімді қалпына келтіруге тырысты. Мәскеу шабуыл астық дәлізінен жасалған деп мәлімдейді. Украина мен БҰҰ мұны жоққа шығарады. Путин өз позициясын әлі өзгерткен жоқ.

Ердоғанның тікелей қатысуымен шілде айында БҰҰ-ның гуманитарлық келісіміне қол жеткізуге және 24 ақпанда басталған соғыстың алғашқы күндерінде үзілген украин астығының экспортын ашуға мүмкіндік туды. Гуманитарлық келісімнің арқасында Ресей мен Украина 10 миллион тоннаға жуық астық экспорттап, көптеген кедей елдердегі азық-түлік дағдарысын жеңілдетіп, бүкіл әлемде бағаның айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізді. БҰҰ мәліметтері бойынша, екі ел қазір келісімге келсе, үш айдың ішінде 100 миллионнан астам адамды аштықтан сақтап қалуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу