Астық нарығы: Баға белгілеуге қандай факторлар әсер етпек?

766

Биыл Қазақстанның астық нарығындағы баға белгілеуге үш негізгі фактор әсер етеді. Оларға Ресейдегі ішкі баға факторы, теңгенің рубльге қатысты нығаюы, астықтың көлеңкелі айналымы жатады. Бұл туралы "Қазақстанның астық одағының" төрағасы Нұрлан Оспанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Астық нарығы: Баға белгілеуге қандай факторлар әсер етпек?

Бұл факторлар еліміздегі ішкі бағаға қатты әсер етпек. Егер Ресейде 3-сыныпты бидайдың 1 тоннасы үшін баға 12 000 рубльді құраса, ал теңге бағамы 8,5 болса, онда еліміздегі ішкі баға 135 000 теңгеге жетеді. Бұл қосылған құн салығын есепке алғандағы баға. Яғни заңды жолмен әкелінген астық. Бірақ қосылған құн салығын төлемейтін көлеңкелі импорт та бар.

"Алдағы маусымда осы факторларға назар аударуымыз керек. Бағаның бақылаусыз төмендеуі ішкі бағалардың құлдырауына әкелуі мүмкін. Салдарынан фермерлеріміз өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындауға қауқары жетпеуі мүмкін. Ал оларда қараша-желтоқсан айларында алынған несиелері бойынша төлемдер басталады", – дейді Нұрлан Оспанов.

Аталған факторлардан бөлек Ресейдегі рекордтық астық жинау мен оның нарықтарды кеңейтуге арналған жоспарлары да бар.

Соның ішінде еліміздің экспорттық нарықтарында (Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Иран) белсенді позицияны ұстануға ұмтылуын да айта кету керек. Бұдан бөлек Ресейде 3-сыныпты бидайдың ішкі бағасын 1 тоннасы үшін 9-10 мың рубльге дейін төмендету де баға белгілеуге айтарлықтай деңгейде әсер етеді.

Фото: egemen.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу