ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "өтініш берушілердің қатысуынсыз АӘК тағайындау" туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
Бұл үшін "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде
АӘК алушыларға 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 2-тоқсанның табысын ескере отырып, 3-тоқсанда "өтініш" автоматты түрде берілген.
Айта кету керек, 3 тоқсанға АӘК тағайындау кезінде отбасының
жиынтық табысына кейбір табыстар есепке алынбаған:
- Бірыңғай жиынтық табыс (БЖТ);
- Төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем (42500 теңге)
Сондай-ақ, АӘК-ге алғаш рет өтініш беретін азаматтар egov.kz.
электрондық үкімет порталы арқылы "байланыссыз" тапсыруға мүмкіндік
жасалған.