Атырау дәріхананарына афиша ілінді

858

Ондағы QR-код дәрінің шектік бағасын көрсетеді.

Атырау дәріхананарына афиша ілінді

Атырау дәріханаларында дәрі-дәрмектің шекті бағасы көрсетілген афишалар орналастырылды. Бұдан былай дәріханаға келген тұтынушы белгілі бір препараттың шекті бағасын плакаттарда көрсетілген QR кодын енгізу арқылы біле алады. Әзірге плакаттарда парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, ингавирин, антигриппин және аспирин кардио сияқты ең танымал бес дәрі бар. Дәрі-дәрмектердің атауларының жанында бағалар мен өндіруші көрсетіліп, денсаулық сақтау министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесінің сілтемесі мен QR-код орналастырылған.

"Біздің департаментіміз күн сайын "Атырау - адалдық алаңы" жобалық кеңселерімен бірлесіп, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру бойынша қоғамдық мониторинг жүргізуде", – деп хабарлайды облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.

Афишалар қазіргі күні Атырау қаласының дәріханаларына орналастырылып жатыр, алдағы күндері онымен аудандар да қамтыла бастайды. Жаңа жүйені бастап қолданған қалалықтар оның тиімділігіне әлден-ақ көз жеткізе бастаған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу