Атырау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

579

1 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Атырау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

Атырау маңында жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі таңда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жол апаты жексенбі күні кешкісін Атырау маңында Астраханмен байланыстыратын тасжолда болған. Lada ВАЗ-2114 және DAW жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында 1978, 1981 және 1998 жылғы ер адам мен екі әйел қаза тапты.

"ВАЗ-2114" жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу