Атырау облысында балық аулау көлемі артты

2477

Келешекте тоғанды балық өсіру қолға алынбақ.

Атырау облысында балық аулау көлемі артты

Биыл Атырау облысында кәсіптік балық аулау 757 тоннаға артқан. Былтырғы осы кезеңде барлығы 6555 тонна балық ауланған болса, биыл 7312 тонна ауланып отыр. Ауланған балықтың 6500 тоннасы өңделіп, 5900-ден астамы шетелге экспортталған. 

"Осы маусымда бекіре тұқымдас балық қорын сақтау және көбейту мақсатында Жайық өзенінен 329 дана бекіре балығы ауланған. "Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" 7,5 млн-нан астам бекіре тұқымдас шабақтарын өсімге жіберді", – дейді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы. 

Сондай-ақ қазіргі кезде соңғы талаптарға сәйкес облыс көлемінде тоғанды балық өсіру мәселесіне көңіл бөлінуде екен. Бұл мақсатта тауарлы бекіре және тұқы тұқымдас балық түрлерін өсіру жұмыстары басталмақ. Қазіргі күні өңірде балық аулаумен 18 балық шаруашылығы кәсіпорны айналысады, оларда төрт мыңның үстінде адам еңбек етеді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу