Атыраудағы пробация қызметі "Харакет" қайырымдылық қорымен бірге алты баласы бар әйелге төрт бөлмелі үй әперді. Көпбалалы ананың жасы 35-те, үшінші топ мүгедегі. Денсаулық жағдайына байланысты, оның үстіне, ең кіші сәбиі бар-жоғы екі айлық болғандықтан жұмыс істемейді. Үйінде асырап отырған ер-азаматы да жоқ. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылып, қазіргі күні жазасын өтеп жатыр екен.
"Кез келген адамның аяғын жаңсақ басып, қателік жасауы мүмкін. Біз олардың түзеліп, оң қадам жасауына мүмкіндік беруіміз керек", – дейді баспана кілтін табыстаған облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов.
Белгілі болғандай, пробация қызметі әйелдің балаларымен бірге қиын жағдайда күнелтіп жатқанын көріп-біліп отырған соң, қайырымдылық қорларымен байланысқа шыққан.
Құралай Қуатова