Атырауда қылмыстық топ құрықталды

766

Олар төлем жүйесінен 11 млн теңге ұрлаған.

Атырауда қылмыстық топ құрықталды

Атырауда төлем жүйесінен 11 миллион теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды. Оның мүшелері мекемеде бұрын жұмыс істеген, ал біреуі орнында қалып, керек мәліметтерді беріп отырыпты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті криминалды полиция басқармасы өңірде ірі көлемде қаражат жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы полицияға ЖШС-нің қауіпсіздік қызметкері хабарлама берген. Тәртіп сақшылары дереу  жедел іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде заңсыз әрекеттерді жасап жүрген осы серіктестікте бұрын қызмет атқарған қызметкерлер екеніндігін анықтайды. Олардың бірі қазіргі күнге дейін сол жерде жұмыс жасап, мәліметтермен бөлісіп отырған. Тінту кезінде 1990 жылғы ер адамның үйінен 6 дана төлем терминалдары, компьютерлік компоненттер және қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленген. Топ мүшелерінің бірі төлем жүйесіне кіру парольдерімен қамтамасыз етсе, енді бірі ұрланған ақшаларды өзара бөліп отырған.

"2021 жылдың 21 наурызынан бастап шілденің 4-не дейінгі  уақыт кезеңінде белгісіз тұлғалар төлем жүйесіне заңсыз қол жеткізу жолымен жалпы сомасы 11 170 000 теңге ақша қаражатын ұрлаған. Алты адамнан тұратын топ үш ай бойы қылмыстық әрекетпен айналысқан,дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Белгілі болғандай, қазіргі күні 26-31 жас аралығындағы 6 тұлғаға қатысты ҚР ҚК 188 бабы 4 бөлігі 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер кінәларын толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу