Атырауға қазірге дейін тоғыз гуманитарлық көмек келген

826

Оның тұтынушыға жеткенге дейінгі таралуы қатаң бақылауда.

Атырауға қазірге дейін тоғыз гуманитарлық көмек келген

Карантин кезінде Атырау облысына осы уақытқа дейін түрлі елдер мен компаниялардан 37 медициналық ұйым арасында бөлінетін тоғыз гуманитарлық көмек келіпті. Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз кезегінде арнайы мониторингтік топ және "Adaldyk Alany" мүшелерімен бірге гуманитарлық көмектің тұтынушының қолына толықтай жетіп, тапсырылғанға дейін қадағалауды қамтамасыз етіп келеді.

Тамыз айының басында мұнайлы өңірге Грузиядан "Samruk-Kazyna Trust" және "Хуавей Технолоджиз" ЖШС-нен кезекті гуманитарлық көмек келді. Компаниялар Атырауға 3816 медициналық тауар, оның ішінде, 24 биоқауіпсіздік костюмін, 40 медициналық қорғаныш костюмін, 3550 үш қабатты бетперде, 24 термометр және 178 "авифавир" дәрлік препаратын беріп отыр.

"Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүкті алу, жөнелту және есептеу жұмыстарына тікелей қатысып, оларды медициналық ұйымдарға бөлуді бақылауға алды. Әрбір қорап пен қаптамаға "Гуманитарлық көмек – ТЕГІН" мөрі қойылған, бұл тауарды одан әрі мақсатсыз пайдалану қаупін азайтпақ",– дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.

Биыл облыста дәріханалар мен жеке тұлғаларға қатысты 34 іс қаралып,
оның қорытындысы бойынша 4 819 830 теңгеге айыппұл салынған. Дәрі-дәрмектің бағасы тым жоғары екенін немесе қайта сатылып жатқанын көрген адам органға хабарласып, дәрінің бағасына күмән келтірген жағдайда арнайы сілтеме арқылы оның ҚР ДСМ бекітілген бұйрығымен бекітілген шекті бөлшек құнын тексеріп көруіне болады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу