Боранға байланысты Астанадан шығатын негізгі жолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК.
Қазіргі уақытта "Астана-Петропавл" автожолының Астана мен Бурабай аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Бұдан бөлек, "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-205 шақырымындағы Астана мен Павлодар облысындағы Шідертіге дейінгі учаске жабық. Боран салдарынан "Екатеринбург-Алматы" жолының Астана мен Қарағанды облысы аралығында барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді. Ал Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау қаласы учаскесінде, яғни 1353-1444 шақырымда жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабық.
Мұнымен қоса, Қарағанды қаласы — Ақсу-Аюлы аралығында барлық көлік түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар "Екатеринбург-Алматы" жолының Астана мен Атбасар учаскесінде де көлік қозғалысы шектелді.