Әуежайдағы бағаларға мемлекет араласпайды

1697

Әуежайдағы бағаларға мемлекет араласпайды

Әуежайдағы тарифтерді мемлекет қадағаламайтын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен жұмыс отырысында айтылды.  Ұсыныс Парламентке түскен бәсекелестік мәселелері бойынша заңды қарау барысында айтылды. Оны депутаттар бірауыздан қолдады. Нақтылай кетсек, бұл өзгеріс тек өзге елден жолай ұшып бара жатып, жанармай құюға қонатын техникалық рейстерге ғана тиісті. Осы уақытқа дейін оларға қойылатын тарифтерді мемлекет реттейтін. Нәтижесінде баға өзге елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары болып, көптеген халықаралық ұшақтар елімізде тоқтаудан бас тартатын болды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті әуежайдың қосымша табыс табуы үшін осы бағыт бойынша бағаны өзі қоюды сұрады. Жиында халық үшін маңызды жылу мен жарық құнын шарықтатпау мәселесі де көтерілді. 
"Қазіргі депутаттардың айтып жатқаны мынау газ, жылу электроэнергия бағаларын реттеуді қадағалауымыз керек. Өйткені бұл қарапайым халық үшін, қоғам үшін ең қажетті мәселелер. Бұны алып тастайтын болсақ, қазіргі экономикалық қиын жағдайда біз халықтың өмір сүру деңгейін төмен түсіріп алмауымыз қажет", – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов.

Кhabar.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу