Атырау қаласында өрт кезінде үй жануарлары жанып кеткен. Хабар жетісімен оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі аула ішіндегі аумағы он шаршы метр болатын тауық қораның өртеніп жатқанын көреді. Адамдар жарақат алған жоқ, алайда қора түгел жанып, ішіндегі 4 тауық пен 10 қоян өртеніп кеткен.
"Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері, 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оның шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда", – деп хабарлайды ТЖ ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу