Аустралияның Мельбурн қаласында найзағай демікпесінен 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 24 Хабар.
Виктория штаты денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жауын-шашын құйып өткеннен кейін жалпы 8,5 мыңнан астам адам денсаулығына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгінген.
Айта кету керек, Аустралияда толассыз жауған жауын-шашын кесірінен найзағай демікпесі таралды. Бұл ауру найзағай кезінде өсімдік тозаңының неғұрлым майда бөліктерге дейін ұсақталуына апарып соқтырады. Ауа арқылы өкпесіне түскен кезде адам тұншығып қалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу