Ауыл көшелерін кәріз суы басты

551

Биыл құны 2 млн 300 мың теңге болатын тағы екі дренаж орнатылады.

Ауыл көшелерін кәріз суы басты  Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысында "Дәулет" ауылдық округының тұрғындары кәріз суынан зардап шегіп отыр. Мұнайлы ауданына қарасты елді-мекенде кәріз құдықтары әбден толған. Салдарынан сасық әрі лас су тұрғын үйлерге кіріп, ауызсу толған құдықтарға жеткен. Жылдар бойы жағымсыз иіспен уланып келген тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрайды. Ал жауапты тұлғалар не дейді? 

Дәулет ауылындағы экологиялық проблема бірнеше жылдан бері шешім таппай келеді. Тұрғын үйден небәрі 300-ақ метр қашықтықта орналасқан кәрізге жақын маңдағы ауылдардың қалдықтары төгіледі. Зиянды судың көп болғаны сонша арнайы шұңқырлар толып қалған. 

"Жер тойды. Жердің астында сіңетін жер жоқ. Жердің бетіне шығып жатыр. Өздеріңіз көріп тұрсыздар жан-жақтың бәрі сор. Мынаның бәрі у. Ертең жел осы жақтан ауылға қарай болған кезде ауылдың ішінде демалу мүмкін емес болады", - деді Дәулет ауылының тұрғыны  Алексей Тайғараев Дәулет ауылының тұрғыны. 

Жарты ғасыр бұрын салынған кәріз орталығы күрделі жөндеу көрмеген. Бастапқыда  темір жол мекемесінен шығатын 150 текшеметр қалдық суға есептелген. Кейін, айнала үй салынып, халық саны өсе бастаған. Бүгінде тәулігіне 1000 текшеметр қалдық су төгіледі. Өкініштісі жердің төменгі қабатын толтырған кәріз суы тұрғын үйдің құдығы мен әжетханасын толтырған. Тіпті, егілген егіннің барлығы қурап қалған. 

"Мәселені қайта-қайта көтеріп жатырмыз. Шешілетін түрі жоқ. талдарымыз бәрі қурап қалды осы жаман судан. Водапроводпен келеді ғой су. Соның ішінің құдығы да толып кеткен. Туалетіміз сірә толып кеткен", - дейді Дәулет ауылының тұрғыны Алима Юсупова.

Аймақтағы шаңды дауылдың жиі болатынын ескерсек, жағымсыз иіс күллі ауданға тарап, адам денсаулығына зор қасірет төндіретіні анық. Ал жауапты коммуналдық кәсіпорын басшылығы жағдайды жақсы біледі. Тұрғындардың күрт өсуі басты кедергі дейді. Ал мекемені жаңғыртуға қаражат жоқ. 

"Бұл мәселе бойынша әкімшілік тарапына бірнеше рет хатпен шыққанбыз. Шешу жолдарын айтып. Және бізде тұрғындардан ешқандай ақша төленбейді. Қазіргі таңда тек темір жол мекемелері мен шеткі мекемелерден төленіп тұр.  Төленгенде біз әрі қарай маусымдық жұмыстарды, реконструкция жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі таңда өзінің күшіне қарай жасап тұр. Әрі қарай жұмыс жасауына мүміндік жоқ", - деп түсіндірді "ТеміржолСу Маңғыстау" ЖШС бас инжинері  Айтұр Елеусін.

Әкімдіктегілер болса әзірге дренаж орнатумен шектелген. Биыл құны 2 млн 300 мың теңге болатын тағы екеуі орнатылады. Ал мәселе түбегейлі шешілу үшін орталық КОС-2 кәріз қоймасына дейін құбыр жалғану керек. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Содан соң, санитарлық аймақты залалсыздандыру жұмысы жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу