Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері таныстырылды

800

Бір ақпараттық жүйе базасында барлық субсидияларды беруді қамтамасыз етуге қабілетті субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері таныстырылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен АӨК мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері таныстырылды.

"Бүгін жұмыс тобының алғашқы отырысы өтіп отыр. Алдымызда үлкен жұмыс тұр. Жұмыс тобының қызметі шеңберінде субсидиялау тетіктерін жеңілдету мен оңтайландыруды, АӨК барлық субъектілері үшін субсидиялардың ашықтығы мен тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейтін субсидияларды бөлу жүйесін қайта қарау бойынша шаралар әзірленетін болады" – деді Ербол Қарашөкеев.

Жұмыс тобы әзірлейтін барлық тәсілдер жұртшылықпен, қауымдастықтармен, одақтармен және агробизнеспен кеңінен талқыланатын болады. 

Бүгінгі күні АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығы мен сабақтастығы қағидаттарын заңнамалық бекіту мәселесі пысықталып жатыр.

Әділ бөлуді ескере отырып, бір ақпараттық жүйе базасында барлық субсидияларды беруді қамтамасыз етуге қабілетті субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізу жоспары бар.

"АӨК субсидиялаудың жаңа тәсілдері туралы" баяндамасымен Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеухан Нұрқиянов жұмыс тобының мүшелерін АӨК субсидиялаудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктерімен қысқаша таныстырды.

Атап айтқанда, ол субсидиялау бағытының күрделілігі мен көптігіне, бақылау қиын болатын аралық технологиялық процестерді қолдауға бағдарланғанына және субсидиялау нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беретін норманың жоқтығына назар аударды.

Сонымен қатар субсидия алушылардың нақты нәтижелерге қол жеткізгені үшін жауапкершілігі жоқ. Қолданыстағы субсидиялау тетігін жетілдіру үшін министрлік субсидиялау бағыттарын барынша қысқартуды, субсидия алушыларға міндеттемелер нормасын енгізуді, цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін жеңілдетуді, жануарларды есепке алудың қолданыстағы жүйесінің функционалын түбегейлі қайта қарауды, сондай-ақ субсидияларды түпкілікті еңбек нәтижесін алуға бағдарлауды ұсынады.

Талқылау барысында әкімдердің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, сондай-ақ одақтар мен қауымдастықтардың өкілдері өз ұсыныстары мен ескертулерін ортаға салды.

Жиын соңында ведомство басшысы жұмыс тобының барлық мүшелеріне белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, бір апта мерзімде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, субсидиялау жүйесін пысықтауды және жобаны жұмыс тобының келесі отырысына шығаруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу