Ауылдардың 82 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

232

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі таза ауыз суға мұқтаж елді мекендерге қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауылдардың 82 пайызы таза ауыз сумен қамтылған Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"ҚР Су Кодексінің 1-бабының 13-2 және 30 тармақтарына сәйкес, Министрлік елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Ал ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган саналады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіше, еліміз бойынша 6232 ауылды елді мекеннің 5129-ы немесе 82 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған", – делінген Су ресурстары министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Қалған 1 103-ін немесе 18% елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жауапты министрлік тарапынан жұмыстар атқарылып жатыр.

"Сонымен қатар, республика теңгерімінде жалпы 655 ауылдық елді мекенді немесе 1423 мың адамды ауыз сумен қамтамассыз ететін жалпы ұзындығы 15,2 мың км құрайтын 41 топтық су құбыры бар. Аталған топтық су құбырларымен халыққа ауыз суды жеткізу және техникалық жағдайын қадағалау жұмыстарын "Қазсушар" және "Нұра топтық су құбыры" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары іске асыруда", – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова екі жылда бүкіл қазақстандық ауыз сумен толық қамтылатынын айтқан еді.

Былтыр өкілетті органдар 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылды ауыз сумен қамту мәселесі шешілетінін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу