Ауылды ауызсумен қамту: Жерасты су қоры жеткіліксіз

907

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың айтуына қарағанда, мыңнан астам ауылды скважиналарды бұрғылау және блок-модульдерді орнату арқылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз дегенімізбен, қазірдің өзінде онда бекітілген жерасты су қорларының жеткіліксіздігі байқалып жатыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ауылды ауызсумен қамту: Жерасты су қоры жеткіліксіз

"Елде 2200-ден астам иесіз өздігінен ағатын скважиналар бар, қуаты тәулігіне 50 м³ дейінгі су скважиналарын бұрғылау үшін қазір арнайы су пайдалануға рұқсат алудың қажеті жоқ, яғни мұндай объектілерді кез келген адам сала береді. Осылай отыра берсек, біз стратегиялық ресурсымызды, яғни тұщы жер асты суын, жоғалта береміз", – дейді депутат.

Ал суармалы егістіктің тек 16%-ына ғана тамшылатып суару технологиялары мен жаңбырлатқыш қондырғыларды пайдаланылады. 

"Басқаша айтқанда, суармалы судың көп бөлігі құмға кетеді деуге болады. Сондықтан суармалы егіншілікті мемлекеттік қолдау саясатын өзгерту қажет. Оны тек су үнемдеу технологияларын қолданатындар ғана алуы керек", – деп ұсыныс айтады сенатор.

Сондай-ақ су шаруашылығы бойынша әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашып, кадр даярлау керек дегенді алға тартады.

"Әлі күнге дейін біз республикадағы су ресурстарының қорлары туралы нақты ақпаратты білмейміз. Мемлекеттік су кадастрын қазіргідей жеке ұйымдар емес, "Қазгидромет" кәсіпорны жүргізуі тиіс. Ол үшін су қорының мониторингін цифрлық форматқа және қашықтан зондтау технологиясына ауыстыру қажет. Ал бізде көптеген су қоймаларында тіпті гидрологиялық бекеттер де жоқ", – дейді Күрішбаев.

Депутат келтірген мәліметке қарағанда, елдегі су тапшылығы 8 жылдан кейін жылына шамамен 12-15 км³, яғни 15%-ды құрайтынын білдіреді. Бүгінге дейін экономикамызда су ресурстарының мұндай жетіспеушілігі болған емес, сондықтан біз әлі судың тапшылығын сезінбей отырмыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу