Австрияда вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады

738

Төлемеген жағдайда ереже бұзғандар төрт айға түрмеге қамалады.

Австрияда вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады Фото: reuters.com

Австрияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынады. Жергілікті Die Presse басылымы міндетті вакциналау туралы заң жобасына сілтеме жасап осындай ақпарат жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Ресми түрде бұл құжат бір аптадан кейін жариялануға тиіс. 

Вакциналаудан бас тартқандар 3 600 еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Төлемеген жағдайда олар төрт айға түрмеге қамалады. Рецидивистер үшін айыппұл көлемі екі есе артады.

Бұған дейін вакцинадан бас тартқаны үшін айыппұл салу идеясына қатысты пікірін Ресей Президенті Владимир Путин білдірген еді. Ол әкімшілік тараптың қысымынсыз вакциналау қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ол депутаттарға ағарту жұмыстарын жүргізіп, препараттың артықшылықтары туралы айтуды ұсынды.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу