Азаматтар өзін депутаттыққа ұсына алады

598

Кез-келген азамат өзін депутаттыққа ұсына алады. Мәжіліс сайлауының бұл жолғы ерекшелігі - осы. Сондықтан бүгіннен бастап әр қазақстандық өзінің бағын сынап көре алады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы депутаттарға қойылатын талаптарды түсіндіріп өтті. Сондай-ақ саяси науқанның өту барысына да тоқталды 

Азаматтар өзін депутаттыққа ұсына алады Фото: Baribar.kz

Мәжіліс таратыла сала, Орталық сайлау комиссиясының жұмысы қызды. Енді саяси науқан өткенше екі ай тыным жоқ. Орталық, кандидаттарды тіркеуді бүгін бастап кетті. Сайлау бұл жолы аралас жүйе бойынша өтеді. Яғни саяси додада партиялардан бөлек, кез-келген азамат бағын сынай алады. 

Ол үшін қойылып отырған талап үдесінен шықса жетеді. Әуелі Қазақстан азаматы болуы тиіс.  Соңғы 10 жыл ел аумағында тұруы шарт. Кем дегенде 25 жаста болуы керек. Ал сотталған, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азаматтар депутаттыққа үміткер ретінде тіркеле алмайды. 

Партия арқылы сайланатын депутаттарды сол саяси партиялардың өзі ұсынады. Ал бірмандат бойынша қоғамдық бірлестіктер, құрылымдық бөлімшелер және (жоғарыда айтқандай) азаматтар өзін өзі ұсына алады. 

"Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз  тыныштық күні. 19 наурыз  сайлау", дейді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров. 

Негізі мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы бір күнде өтеді.  Дауыс беру үшін 4-5 бюллттень ұсыналады. Біріншісі партия бойынша. Екіншісі бірмандаттыларға арналған. Үшіншісі облыс пен қалалардағы партия бойынша мәслихат депутаттарына арналады. Төртіншісі бірмандаттық мәслихат кандидаттарына қатысты болады. 

Сондай-ақ мәжілістің жаңа құрамына қазақстан халық ассамбелясы болмайды. Парламентке өту үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға азайды. Демек жеңілдей түсті. 98 депутаттың 30 пайызы немесе 29 депутат мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға түседі. Ал 69-ы яғни 70 пайызы партиялық тізімдер бойынша сайланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу