Әзербайжан мен Армения бітімге келуі мүмкін

550

Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік келісіміне 2023 жылдың соңына дейін қол қойылуы керек.

Әзербайжан мен Армения бітімге келуі мүмкін

 Бұл туралы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Дилижанда өткен үш күндік "Азаматтық келісім" партиялық жиналысында мәлімдеді.

1-3 қыркүйек аралығында Дилижанда билеуші "Азаматтық келісімнің" отырысы өтті. Іс-шараға жергілікті билік өкілдерінен бөлек, NDI (National Democratic Institute) америкалық ұйымының сарапшылары қатысты.

"Грапарак" басылымының мәліметінше, отырыстың соңғы күні Үкімет басшысы фракция депутаттарымен жабық кездесу өткізіп, қатысушыларға 31 тамызда Брюссельде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен өткен кездесудің қорытындылары туралы айтып берді. Пашинян сондай-ақ депутаттарға ағымдағы жылдың соңына дейін Бакумен бейбіт келісімге қол қойылуы тиіс екенін хабарлады.

Бұған дейін Италияның Il Sole 24 Ore газетіне берген сұхбатында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен бейбіт келісімге алдағы айларда қол қойылуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Демек, екіжақты келісім екі елдің басшыларымен мақұлданып отыр. 

"Менің ойымша, бірнеше айдың ішінде біз бейбітшілік келісімін аяқтап, қол қоя аламыз. Егер армян тарапы бейбітшілікке қолдау білдірсе, менің ойымша, келісімге келу әбден мүмкін", - деді Әзербайжан басшысы.

Сонымен қатар, ол Ереван Баку ұсынған бейбіт келісім негізі болатын бес базалық қағидатты қабылдағанын атап өтті.

2022 жылғы 10 наурызда Әзербайжан Арменияға бес тармақтан тұратын ұсыныс жіберді. Онда бекітілген қағидаттар аумақтық тұтастықты өзара тану, аумақтық талаптардан бас тарту, шекараны демаркациялау, дипломатиялық қатынастар орнату және көлік жолдарының құлпын ашуға қатысты болды. 

Ұсынысқа жауап ретінде армян тарапы бірнеше рет аталмыш қағидаларда  қолайсыз ештеңе жоқ, бірақ олар "Армения-Әзербайжан бейбіт күн тәртібінің барлық мәселелерін қозғамайды" деп мәлімдеді. Ресми Ереван үшін Таулы Қарабақ армяндарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, сондай-ақ ТҚ-ның түпкілікті мәртебесін анықтау да маңызды.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу