Азық-түлікті қайта өңдеу кәсіпорындарындағы құралдардың 40%-ы тозған

205

Жалпы кәсіпорындардағы өңдеу деңгейі қуантарлық емес, шикізаттың бағасы да шарықтап тұр, мемлекеттік қолдау тиісті деңгейде көрсетілмей келеді. 

Азық-түлікті қайта өңдеу кәсіпорындарындағы құралдардың 40%-ы тозған Фото: factories.by

Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және басқа да мәселелер жөнінде Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған салада әлі күнге дейін шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Спикердің айтуынша, кәсіпорындардағы өңдеу деңгейі өте төмен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, сүтті қайта өңдеу көлемі – 62%, майлы дақылдар – 45%, етте – 47%-дан аспады. 

"Екінші мәселе – өңдеу кәсіпорындарында толыққанды жүктеменің болмауы, мысалы, ет бойынша жүктемелік – 54%, макарон өнімдері бойынша – 42%, ұн бойынша – 36%-ға ғана жетті", – деді Назгүл Хатепова.

Министрлік өкілі кәсіпорындардағы қайта өңдеу негізгі құралдарының 40%-ы тозғанын да тілге тиек етті. Жалпы саланың дамуын тежейтін негізгі факторлар деп министрлік шикізат жетіспеушілігі не сапасының төмендігін, нарықтардың аздығын, несиелердің жеткіліксіз болуы мен мемлекеттік қолдау шараларының кемдігін атады. 

Дегенмен жалпы көрсеткіштер жақсы нәтиже көрсетіп отыр: 2023 жылдың қорытындысы бойынша, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 2,5%-ға артып, 3,1 трлн теңгені құрады. Осы жылдың тоғыз айында 2,4 трлн теңгеге азық-түлік тауарлары өндіріліп, былтырғы көрсеткіштен 1%-ға артты. Экспорт көлеміне келер болсақ, өткен жылы көрсеткіш 5,6 млрд теңге болса (қайта өңделгені – 43%), биыл 8 ай ішінде 3 млрд долларға тауар өндірілді (қайта өңделгені – 55%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу