"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк" АҚ-ны сатып алды

543

 Холдинг пен СБЕР сатып алу-сату мәмілесін аяқтады.

 "Бәйтерек" холдингі "Сбербанк" АҚ-ны сатып алды

Сбербанк тобы мен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі ("Сбербанк" АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz холдинг баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті",- дейді холдингтен.

Ал банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.

"Бәйтерек" холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді.

Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта Сбербанк Қазақстанға ребрендинг жүргізілетін болады.

Кеше ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осы мәмілеге қатысты түсінік берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу