Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Абдурахманов Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Братиславада өтіп жатқан байрақты бәсекеде ол 73 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Жарыс барысында финалға дейін 5 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Ал финалда словениялық Джуз Мекилосекті қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтты. Айта кетелік, Братиславада өтіп жатқан ересектер арасындағы Еуропа кубогіне әлемнің 34 елінен 384 дзюдошы қатысып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу