Бақытжан Сағынтаев: Оқушылар мұражайларға тегін кіретін болады

1246

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оқушыларға мұражайларға кіру ақысыз болады деген шешім қабылдады. 

Бақытжан Сағынтаев: Оқушылар мұражайларға тегін кіретін болады

"Бізде көптеген жоғары технологиялық кәсіпорындар, технопарктер, үлкен материалдық базасы бар ондаған колледждер мен жоғары оқу орындары бар. Сондай-ақ, Ғылым академиясы, музейлер, театрлар, мәдени мекемелер жұмыс істеуде. Осы мүмкіндіктердің барлығын балаларды дамыту ісіне пайдалануымыз керек",– деді қала әкімі. 

Бақытжан Сағынтаев қазір мектептер мен колледждерде тәлімгерлердің тұлғалық дамуына аз көңіл бөлінетінін де атап өтті. 

"Мені жағдайы төмен отбасылардың қосымша білім алуға мүмкіндіктері жоқтығы алаңдатады. Тегін үйірмелер тек "қағаз беттерінде" жұмыс істейді. Қосымша білім беру саласы олардан тым алыс. Сондықтан, орта және қосымша білім беруді толық реттеу керек. Бұл саланы дамытып, мектеп, оқу бағдарламасымен байланыстыруды қолға алу қажет. Аталмыш бағытта бизнес көздері арқылы қаржы тарту маңызды",– деді шаһар әкімі.  

Осыған дейін Бақытжан Сағынтаев "Шеткері аудандарсыз қала" тұжырымдамасын ескеру керектігін айтқан. Себебі, Алматыдағы барлық білім беру мекемелерінің 65%-ы орталық аудандарда шоғырланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу