Балаларды теріс ақпараттан қорғау мақсатында "Ақ сайттар тізімі" жасалды

1040

Балаларды теріс ақпараттан қорғау мақсатында "Ақ сайттар тізімі" жасалды

Балалар мен жасөспірімдерді ғаламтордағы теріс ақпараттан қорғау бағытында жағымсыз контенттен таза, тәрбиелік мәні бар, ең бастысы қауіпсіз 3 жарым мыңнан аса сайт арнайы іріктеуден өтті, деп хабарлайды khabar.kz.
Бұл "Ақ сайттар тізімі" жобасын Қазақстан президентінің "Болашақ" стипендиаттары қауымдастығы таныстырды. Сайттардың 3 мыңы шетелдік ақпарат ресурсы болса, 500-ден астамы –отандық портал.
Баланың танымдық, психологиялық және физикалық дамуына бағытталған сайттар тақырып бойынша да топтастырылған. Мазмұны жағынан білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, қоғам мен табиғат және ойын-сауық бөлімдерін қамтиды.
Ғаламторды кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз етудің тиімді жүйесі – URL сүзгі арқылы қажетті сайттар тізімін қалыптастыру. Сондай-ақ ақпарат және комуникациялар министрлігі пен байланыс операторлары арсында бірлесе жұмыс атқару жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу