"Балам уланған жоқ": Пойызда қайтыс болған баланың анасы шындықты айтты

5411

Ұлына бала кезінде қан тамырлары жарылған деген диагноз қойылған.

"Балам уланған жоқ": Пойызда қайтыс болған баланың анасы шындықты айтты Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында лагерьге бара жатқан кезде қайтыс болған жасөспірімнің анасы Тамара Цаплина видеоүндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Анасының айтуынша, Святослав бала кезінен ауырған.

"Адамдар оны уланып қайтыс болды деп айтты. Бірақ балам уланған жоқ. Оған бала кезінде қан тамырлары жарылған деген диагноз қойылған. Сол күні кеуде тұсындағы үлкен тамыры жарылып кеткен еді.

Мен қала әкіміне, облыс әкіміне, бүкіл Атырау қаласына моральдық, физикалық, қаржылай қолдауы үшін, автобуспен қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамын. Бізге қажет көмек көрсетілді "Біз көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз. Ешкімге ешқандай шағымым жоқ. Біз бәрі болуы мүмкін екенін,  бұл кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін түсінеміз", деді анасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда лагерьге бара жатқан жасөспірімнің көз жұмғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу