Қарағанды қаласында сәбиін қоқыс жәшігіне қалдырған анаға қатысты сот үкімі шықты. Октябрь аудандық сотының шешімімен қылмыстық кодекстің 119 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған Қарағанды қаласының тұрғынына 55560 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сотта прокурор күдіктіге айыппұл кесуді сұраған екен. Судья сот барысында баласын тастаған ананың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын есепке алған.
Еске сала кетсек, бала 3 сәуірде Майқұдықта үй ауласындағы қоқыс жәшігінен табылған болатын. Қоқыс ақтарып жүрген үйсіз-күйсіз адам нәрестені тауып алып, тұрғындарға хабар берген. Кейін баласын қалдырып кеткен 22 жастағы әйел адам ұсталған болатын.
Сол ауылда тұратын екі бала өсіріп отырған жалғызбасты әйел үшінші баланы асырай алмаймын деген желеумен қоқысқа қалдыруды жөн көрген. Қоқыстан аман-есен табылған нәресте бүгінде балалар үйінде өсіп жатыр.
Арайлым Еркебаева