Балқашта Senim 109 қызметі өз жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары 109 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, коммуналдық және басқа да мәселелер туралы біле алады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Senim 109 бірыңғай call-орталығы өтінімдерді қабылдайды және халыққа қызмет көрсетудің барлық бағыттары бойынша кеңес береді.
- коммуналдық мәселелер;
- медициналық қызметтер;
- білім;
- автокөлік және т. б.
Сall-орталығының операторлары өтініштер мен ұсыныстарды тәулік бойы және мереке мен демалыс күндері де қабылдайды. Қоңыраулар ұялы телефоннан да, қалалық телефоннан да қабылданады.
Олардың барлығын қызмет мамандары өңдеп, содан кейін оларды белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен Коммуналдық қызметтерге береді.