Банк қарызы мен микрокредиттен ерікті түрде бас тартуға болатын сервис енгізіледі

692

Нарық өкілдері болса, бастаманы құптағанымен, қауіп-қатерлерін ескеруге кеңес береді.

Банк қарызы мен микрокредиттен ерікті түрде бас тартуға болатын сервис енгізіледі Фото: Ашық дереккөзден

Банк қарызы мен микрокредиттен ерікті түрде бас тартуға болатын сервис енгізіледі. Аталмыш қызмет "электрондық үкімет" веб-порталында және "eGov "мобильді қосымшасында іске асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл сервистің жаңашылдығы неде және алаяқтықтың алдын ала ала ма?

Қаржы нарығын реттеу агенттігі қазақстандықтарға қарыз алудан ерікті түрде бас тарту құқығын бермекші. Егер азамат өз атына белгісіз біреудің кредит рәсімдегенін сезіктенсе, Egov арқылы өтінім жіберіп, бас тарта алады. Жаңа жүйе электронды цифрлы қолтаңбаның көмегімен жүзеге асады. Алайда, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, техникалық тұрғыдан жұмыс істеуіне аса мән берген жөн. 

"Реттеушінің ұсынған шешімі әр борышкердің қарыздан бас тартуға заң жүзінде және техникалық құқы болады. Егов-қа кіріп, кредит алмағанын растай алады. Алайда, техникалық жағынан жақсылап жетілдірген жөн. Еговтың өзінде үлкен жүктеме көп жатыр. Банкроттыққа беріп жатқандар көп, ақаулар мен олқылықтар өте жиі боп бұрады. Бұл жаңа сервиске өте көп деректер базасын біріктіру керек", - деді Банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев.

Нарық өкілдері болса, бастаманы құптағанымен, қауіп-қатерлерін ескеруге кеңес береді. Мысалы, алаяқ өз атына несие рәсімдеп, ізінше бас тартып, жауапкершілік мен қарыздық міндеттемеден бас тартуы мүмкін. Сол себепті сала мамандары бұл бастамаға тыңғылықты дайындалып, техникалық қауіп-қатерлерін ескеріп барып, кіріскен жөн.  

"Алаяқ болғысы келген жеке тұлға өзі өз атына  жасай береді та, сосын бас тартады. Егер осы тетіктің техникалық жағынан қажеттілер жүзеге асырылмаған болса, несие алып алады да, төлемеймін деп шығуы мүмкін", - деді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі директоры Ләззат Үсенбекова.

Жаңа жүйені жоғарғы деңгейдегі жауапты органдар 6 маусымға дейін талқылайды. Қашан іске қосылары әзірге белгісіз. Айта кетейік, онлайн алаяқтың алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі бірінші тоқсанда 15 млн қоңырауды бұғаттаған. Бірақ соған қарамастан, онлайн алаяқтық басылмай тұр. Сандарды сөйлетсек, елімізде бір жарым жыл ішінде 158 жалған микрокредит рәсімдеген.  Соңғы бір жарым жылда алаяқтардың жалған микрокредит ресімдеу фактілері бойынша 158 өтініш түскен.  Олардың 46-сы бойынша 4,5 млн теңге болатын несие заңсыз деп танылып, есептен шығарылыпты. Қалған зардап шегушілердің кредиттік тарихына да түзету жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу