"Баспана" ипотекалық ұйымы Қазақстан қор биржасына (KASE) басқарма құрамына өзгертулер енгізгенін хабарлады.
Аталмыш құрамнан басқарма төрағасы – Е.С. Оспанов, басқарма төрағасының орынбасары – Т.Х.Байдосов, басқарушы директорлар – А.Б. Әбішев пен А.Н Суанкулова шығарылған. Ал Р.Е. Кыдыков басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
KASE-нің мәліметіне қарағанда, компанияның директорлар кеңесінің құрамы да өзгерген.
"Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 4 ақпанындағы шешімімен төмендегілер құрамынан шығарылғаны туралы хабарлады: Смоляков О.А. – директорлар кеңесінің төрағасы, Салимбаев Д.Н. – директорлар кеңесінің мүшесі, Оспанов Е.С. – директорлар кеңесінің мүшесі, Вокурка Ульф – Директорлар кеңесінің мүшесі, Джованни Капаннелли – директорлар кеңесінің мүшесі", – делінген KASE сайтындағы ақпаратта.
Мұндай өзгерістер "Баспана" ипотекалық ұйымының "Қазақстан тұрақтылық қоры" акционерлік қоғамына бірігу арқылы ерікті түрде қайта құрылуымен байланысты болып отыр.
Айта кетсек, "Баспана" ипотекалық ұйымы Ұлттық банктің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 85 қаулысы негізінде "7-20-25" бағдарламасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған болатын.
Есжан Ботақара